www.ukgfa.kz сайтындағы СТУДЕНТТЕР РУБРИКАСЫ

 
ОҚМФА Студенттері

ОҚМФА миссиясы: Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтикалық өндіріс пен медицина саласында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін фармацевтикалық және медициналық саладағы жоғары білікті бәсекеге мамандарды дайындау;

Дені сау, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді білім беру жүйесі, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін медициналық және фармацевтикалық кадрлардың кәсіби деңгейін жақсарту.



ОҚМФА студенттерінің төсбелгісі мен әнұраны
Әні: Н.Ахметов, Н.Абдиров.
      Сөзі: А. Қарабеков, Н.Ахметов.

 

1. Сыйлаған асқақ арман,
Еңбек, білім екеуі.
Халықтың сыйын алған,
Біз биіктің биігі.
Белгілі көп жылдардан,
Біздің орда екені.
Өрлеуге негіз болған,
Медицина мекені.

2. Ғаламды ғажап тұнған,
Жайнататын шуағы.
Жаныңды жарық қылған,
Ұстаздардың шырағы.
Елі үшін анық туған,
Шәкірттердің тұрағы.
Адамды сауықтырған,
Медицина ұраны!


Қайырмасы:
Білімі сапалы,
Іздемпаздар шаһары,
Фармацевттер ошағы,
Біздің академия.
Бұл біздің жанұя,
Білім деген дария,
Болашақтың іргесі,
Біздің академия, кең ұя
Біздің академия кең ұя


Қайырмасы:
Білімі сапалы,
Іздемпаздар шаһары,
Фармацевттер ошағы,
Біздің академия.
Бұл біздің жанұя,
Білім деген дария,
Болашақтың іргесі,
Біздің академия, кең ұя
Біздің академия кең ұя

Видео

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы (ОҚМФА)